Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Мәселені 3 жыл бойы шеше алмаған басшыға шара қолданылады – Президент Жарлығы

«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәселені 3 жыл бойы шеше алмаған басшыға шара қолданылады – Президент Жарлығы
фото: inform.kz

«Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша қорытындыларды енгізу кезінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасы тиісті үлес мәндерін бере отырып, блоктар бойынша нәтижелерді қосу арқылы бағаланатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бөлінісінде бірыңғай рейтинг қалыптастырады:

1) мақсаттарға қол жеткізу – 45%;

2) мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы – 30%;

3) мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы – 25%.

Бұл ретте орталық мемлекеттік органдардың бірыңғай рейтингі операциялық бағалаудың барлық блогы бойынша бағаланатын орталық мемлекеттік органдар қатарынан қалыптастырылады», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасында.

Тоқтала кетейік, қазіргі заңнамада мұндай норма жоқ. Бұған қоса, бағалауды жүргізу әдістемесін, прогресс индексін есептеу жөніндегі жобаларды мемлекеттік органдармен келісу міндеті ҚР Жоғары аудиторлық палатасына жүктеледі.

Сонымен қатар жаңа өзгеріс бойынша жылдық бағалау қорытындылары туралы есеп енді Президентке желтоқсанда емес, шілде айында беріледі.

«Бағалау қорытындылары бойынша бағаланатын мемлекеттік орган бағалау блогы немесе бірыңғай рейтинг бойынша рейтингте соңғы 3 позицияның бірінде болса, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың 3 жыл қатарынан нашарлағаны анықталған жағдайда, ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚР заңнамасында айқындалған құзыретіне байланысты тиісті мемлекеттік саяси қызметшінің немесе орталық мемлекеттік органның аппарат басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің аппараты басшысының жауапкершілігі мәселесін қарау туралы ұсыныс енгізеді», - делінген.

Айта кетейік, қолданыстағы ереже бойынша қандай да бір мәселені 2 жыл шеше алмаған басшыларға қатысты шара қолданылады. Енді оның мерзімі 3 жыл болып бекітілмек.

Президент Жарлығының жобасы 18 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.