Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Соққыға жығылған заңгерлер Тұрлыхановтың ұлынан қанша миллион талап ететіндерін айтты

Алматылық заңгер отбасы Анна Дмитриевич және Олег Чернов Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан 25 миллион теңге өндіріп алмақ, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Orda сайтына сілтеме жасап. 

Соққыға жығылған заңгерлер Тұрлыхановтың ұлынан қанша миллион талап ететіндерін айтты
Фото: видеодан скриншот

"Екеуміз де - кәсіпқой заңгерміз, сондықтан сот отырыстары біз үшін үйреншікті. Ол бізге WhatsApp арқылы хабарласып, кінәсін шаю үшін белгілі бір соммада ақша ұсынды. Біз бұл сұрақ берілген арыз бойынша қылмыстық процесс аясында шешілетінні айттық", - дейді Дмитриевич.

Адвокаттың сөзінше, осынша уақыт өткеннен кейін күдікті Нұрасыл Болат та алғаш рет мәмілеге келуге тырысыпты. 

"Біз оған азаматтық іс бойынша одан моралдық және материалдық шығынды өндіруді жоспарлап отырғанымызды жаздық. Олег үшін 10 миллион және 15 миллион теңге мен үшін талап етемеіз. Сонымен қоса, моралдық және материалдық шығынды өтеу тараптардың бітіскенін білдірмейтінін де жеткіздік. Бұл тек сотта айыбын жеңілдететін жағдай ретінде есепке алынады" - дейді ол.