Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Елімізде жанармай бағасы қаншаға қымбаттайды?

Елімізде жанармай бағасы қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Елімізде жанармай бағасы қаншаға қымбаттайды?
фото: inform.kz

Тілші министрге «Күзде отын сатып алу жаңа бағамен жүзеге асырылады. Егер қазір бағаның өсуі фермерлерге әсер етпесе де, осы күзде егін жинау кезінде АӨК-ге жанармайдың жоғары бағасы әсер етіп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өсіп кетпей ме? Сонымен қатар қазіргі егіс науқаны аясында жеңілдікті отын көлемі қаншалықты жеткілікті?» деген сұрақ қойды.

«Ауыл шаруашылығы үшін дизельдің шығарылып жатқан көлемі жеткілікті. Бағаны өзгертіп, күзге дейін оны зерттеп, нарық қалай болатынын бағалаймыз. Осы тапшылық мәселесін қалпына келтірсек,едәуір азайтсақ. Баға туралы қосымша шешім қабылдауға дайынбыз. Өсе ме, өспей ме, ол болашақта шешіледі. Адымен жазға дейін тапшылықты шешуіміз керек. Транзиттік көлік көлемін азайту мәселесінен кейін бұл мәселеге қайта келеміз», - деді Болат Ақшолақов. 

Ол атағандай, ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет.

«Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, оның ішінде:

–             АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%;

–             дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.

Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады», - деді ол.