Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Генерал Күдебаевтың шетелге қашуының мән-жайы белгілі болды

Жетісу облыстық сотында Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың шетелге қашып кетуіне қатысты кейбір мәліметтер айтылды, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Генерал Күдебаевтың шетелге қашуының мән-жайы белгілі болды
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сот мәліметінше, Күдебаев үкім жарияланғанға дейін соңғы сөзін айтуы тиіс сот отырысына сырқатына байланысты келмеген. Адвокаттар оның ауруханаға түскені туралы анықтама берген. Нәтижесінде тыңдаулар кейінге шегерілген. Ал бұл кезде Күдебаев үйқамақта болған.

"Сот 2023 жылғы 30 наурызда С.Құдебаевты 3 сәуірге сағат 10:00-ге жеткізу туралы қаулы шығарды. Бұйрықты орындау кезінде прокурор С.Құдебаевтың елден кеткені туралы мәлімдеді. Прокурордың өтініші негізінде судья сотталушы С.Құдебаевты халықаралық іздестіруге жариялау және бұлтартпау шарасын "қамауда ұстауға" өзгерту туралы қаулы шығарды, - делінген хабарламада.

Сот 23 наурызда Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға жол тартқанын мәлімдеді.