Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Серік Күдебаевтың елден қашқаны расталды

Қазақстанның Шекара қызметі Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы Түркияға қашқанын растады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.

Серік Күдебаевтың елден қашқаны расталды
© Sputnik / Сергей Ким /

Талдықорған сотында Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа сот үкімі шығуға тиіс болған. Алайда сотталушы кейінгі сот отырыстарына қатыспаған. 

Содан кейін оны сотқа мәжбүрлеп жеткізу туралы шешім шықты. Алайда ол 3 сәуірде сот отырысына келмеді. Прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған іздеу жариялауды сұрады.

Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды.

Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.