Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Халықтың тұрмысы әлі күнге дейін жақсы емес – Тоқаев

Қазақстандықтардың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін мәз емес. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Парламенттің бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni порталына сілтеме жасап.

Халықтың тұрмысы әлі күнге дейін жақсы емес – Тоқаев
Фото: akorda.kz

«Алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұр. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді», - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, халық атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды.

«Алайда аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті.

Алдағы 5 жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады», - деді президент.