Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматылық экобелсенді экологиялық өмір стиліне көшудің оңай жолдарын ұсынды

Соңғы  уақытта «қалдықсыз өмір сүру», «экологиялық өмір стилі» ұғымдарын жиі естиміз. Мұның шығуына планетада тұтынушылық деңгейдің күрт жоғарылап кетуі себеп. Соған сай, қалдықта көп. Тіпті жыл сайын қоқыс полигондарының текше метрі ұлғайып жатыр. Ал, қауіпті қалдықтың көш басында тұрған ол полиэтилен пакеттер. 

Алматылық экобелсенді экологиялық өмір стиліне көшудің оңай жолдарын ұсынды
Фото: paryz.kz

Ғасырлар бойы шірімей жататынын халық жақсы білсе де, бас тарта алмай келеді. Осы ретте, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, халықтың целлофан пакеттерді аз тұтынуына ықпал ету мақсатында шыққан экобұйымның таныстырылымына барып қайттық. Алматылық журналист, экобелсенді Мөлдір Бегімбет экологиялық өмір стиліне көшудің оңай жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Paryz.kz

Авторы Журналист, экобелсенді Мөлдір Бегімбет, адамдарға экологиялық мәдениетті көтер, қалдықты сұрыптап экопунктке өткіз деп қиындатқанша, оған эколгиялық өмір стиліне көшудің оңай жолдарын ұсыну керек дейді. Соның бірі ретінде кәдімгі целлофан пакеттің формасын  матадан тігіп нарыққа шығарп отыр.

«Адамдар целлофанға әбден үйреніп алды. Көлемі азық-түлікті салғанға ыңғайлы. Осыны ескеріп, екі құлағынан қысып ұстап кете беретін целлофанның дәл сол формасымен матадан қиып тігіп шығардық. Ақыры иыққа асынатын шоппер адамдарға қолайсыз екен. Ендеше, сол целлофанның тек матадан жасалған нұсқасын ұстаңыздар деген ұсыныс ғана. Яғни, бұл да болса,  экологиялық таза өмірге бейімделудің оңай бір жолы болмақ», - дейді экобелсенді жан.

Біз де қоғамда қалдықты сұрыптап, оны экопунктке өткізетіндер әйелдер қауымы. Сондай-ақ, шоппер сөмке асынатындар да солар. Осыған қарап,  экологиялық жауапкершіліктен ерлер қауымы тысқары қалатын секілді дегенді де айтты. Ал, бұл бұйым ерлер мен әйелдерге бірдей арналған.

 Алдағы уақытта, бұдан бөлек экологиялық өмір стиліне жеңіл ауысуға көмектесетін өзге де жобалары бар екен.  Бұл бұйым полиэтилен пакеттердің қоқысқа аз шығуына ықпал етсе, қоқыстан бөлек те табиғат пен денсаулыққа бірдей зиянды әрекеттер көп. Сол проблемаларды шешуге үлесі бар жобалар болмақ. Ендігі кезекте, тұрмыстық зиянды химиялық өнімдердің азаюына әсері бар жобаларды жасамақ. Бұдан түсінгеніміз,  халыққа ұғынықты және оңай жол ғана тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруге себепкер.

Айта кетейік, Алматыда ерекше бұйымның тұсауы кесілді. Авторы Журналист, экобелсенді Мөлдір Бегімбет, адамдарға экологиялық мәдениетті көтер, қалдықты сұрыптап экопунктке өткіз деп қиындатқанша, оған экологиялық өмір стиліне көшудің оңай жолдарын ұсыну керек дейді. Соның бірі ретінде кәдімгі целлофан пакеттің формасын  матадан тігіп нарыққа шығарып отыр.