Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері көбейді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Bugin.kz порталына сілтеме жасап. 

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейді
Фото: qazaly.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жәрдемақы 8,5 пайызға көбейген. Ал жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 66,9 млрд теңгеге жәрдемақы алған. 

Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

4 балаға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.