Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстандағы интернет сапасы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қандай да бір статистика келтірсем, Қазақстан интернет бағасы бойынша соңғы орындарда тұр. Сапасы бойынша да ең үздігі емеспіз, орташамыз деп айтуға болады. Жеке өзіме елдегі интернет ұнайды, өйткені көптеген елге сапарлап барғанда ондағы байланыстың жай-күйін көріп жүрмін. Менің пікірімше, Қазақстанда қолайлы бағаға қолайлы интернет бар», - деді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында.
Сонымен бірге, министр елдегі интернет бағасы нарыққа тікелей байланысты екенін, ведомство тарифты реттемейтінін айтты.