Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе елде рушылдық белең алады" – Тоқаев

Мемлекет басшысы бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналғанын сынға алды. Бұл туралы президент министрлер мен әкіімдердің қатысуымен өткен кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорда.

"Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе елде рушылдық белең алады" – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту маңызды міндет екенін айтты.

Соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды. Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар, - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келе жатқанын айтты.

«Өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатыр. Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.