Блогер, видеограф Азамат Сәрсенбаев Telegram-арнасында Маңғыстауға оралған қоқиқаздардың көлдің бетінде ұшып жүрген әдемі бейнесін жариялады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Ұшып жүрген қоқиқаздарды көру нағыз ләззат, ұзақ уақыт ұмытылмастай әсер қалдыратын көрініс. Маңғыстауда мыңдаған қоқиқаз одан әрі Қорғалжынға ұшу үшін күш алып жатыр", - деп жазды видео авторы.
Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғылт қоқиқаздар Ақтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан Қаракөл көлінде мекендейді. Қыста олар жылы елдерге ұшып, көктемде қайтады.
"Наурыз - Маңғыстаудағы ең ғажайып айлардың бірі", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев құс бақылап жүріп.