Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Батыс Қазақстанда судья жұмыс орнында қайтыс болды

Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстанда судья жұмыс орнында қайтыс болды
Фото: әлеуметтік желіден

Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

Оның денсаулығы жұмыс орнында нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол есінен танып құлаған.  Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, – делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қоңырау сағат 9:48-де түскен.