Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Гүлмира Сатыбалды тергеу кезінде шетелге қашып кетпек болған

Айыпталушы Гүлмира Сатыбалды соталды іс жүргізу кезінде Қазақстаннан кетпек болған. Бұл туралы сотта мемлекеттік айыптаушы тарап мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлмира Сатыбалды тергеу кезінде шетелге қашып кетпек болған
Фото: tengrinews.kz

Астанада Сарыарқа ауданының №2 сотында кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйеліне қатысты сот процесі басталды. Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алу туралы айтты.

Сотталушының адвокаттары бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді және қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

«Соталды іс жүргізу барысында сотталушы Сатыбалдының шекараны кесіп өтпек болғаны туралы деректер болды, сондықтан бұлтартпау шарасын өзгертуге болмайды деп есептеймін», - деп жауап берді прокурор Альмира Қожахметова.

Прокурордың айтуынша, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі, 389-бабы 3, 28-бөлігі, 3-бөлігі, 125-бабы 2-бөлігі, 1 және 8-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін айып тағылған.