Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Каспий теңізінде ауытқушылық пайда болды

Маман Азов теңізі мерзімінен бұрын қатып қалғанын мәлімдеді.

Каспий теңізінде ауытқушылық пайда болды
Фото: ашық дереккөз

Каспийдің солтүстігінен қалыптан тыс қалың мұз табылды, деп хабарлады paryz.kz, ria.ru-ға сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, бұл теңіздің Ресей жағында болған. Ресей Гидрометорталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд Каспий теңізінің солтүстігінде мұздың қалыңдығы әдеттегіден 30 пайызға асқанын айтты.

Сонымен қатар, маман Азов теңізі мерзімінен бұрын қатып қалғанын мәлімдеді.

"Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде айтарлықтай аяз болды. Таганрог шығанағындағы Азов теңізінде мұз қату басталды. Каспий теңізінің солтүстігі де қата бастады. Сонымен қатар, теңіз мұздығы әдеттегі көрсеткіштерден шамамен 30%-ға жоғары", - деді Вильфанд.