Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ақтөбеде оқушы қызын депутаттың зорлағанын айтқан әйелдің өзі сотталып кетті

Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Аркадий Ниге қатысты атышулы қылмыстық іс соңына таяп қалды. Сот қылмысқа қатысы бар деп жазықсыз айыптаған әйел өтемақы талап етті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Халық Үніне сілтеме жасап.

Ақтөбеде оқушы қызын депутаттың зорлағанын айтқан әйелдің өзі сотталып кетті
фото: tengrinews.kz

Еске сала кетсек, 2020 жылы экс-депутатқа 15 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған болатын. Кейін сот-медициналық сараптамадан сексуалдық қылмыстарға тән объективті мәліметтердің анықтамауына байланысты, сот отырысында қамауға алынған шенеунікті ақтау үкімі шығарылған.

Қысқасы, Аркадий Ни жаланың құрбаны болған. Қыздың анасы танысы арқылы кәсіпкерден ақша бопсалау мақсатында хабарласып, оны ауыр қылмыстар жасады деп айыптаған көрінеді. Оның үстіне, әйел өз қызын «депутат зорлады, қысым көрсетті» деп айтуға мәжбүрлеген. Сөйтіп, сотта қыз өзін шынымен лауазымды шенеуніктің зорлағанын айтқан.

Нәтижесінде депутат пен оған қатысы бар деп айыпталған әйел толығымен ақталды. Ақталған әйел заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін 3 миллион теңге өндіруді талап етті. Ал сот оған 2 миллион теңге өтемақы тағайындады.

Ал анасы қызын қылмысқа азғырып, жалған мәлімдеме жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.