Атырауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департаменті қайғылы оқиға 2 наурызда сағат 23:30 шамасында болғанын хабарлады.
«16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктен құлап қайтыс болды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.