Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы облысында тау опырылып, екі үйді басып қалды

Алматы облысында таудың етегі опырылып, екі үйді басып қалды. Тау жынысы жылжыған кезде үйдің ішінде жасөспірім ұйықтап жатқан. Оқыс оқиға Талғар ауданы Бесағаш ауылында бүгін таңертең болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы облысында тау опырылып, екі үйді басып қалды
фото: ТЖД

Табиғи апат таңғы сағат 9.00 шамасында болған.

«Үйде тек үлкен ұлым болған. Таудан су аққан. Қабырғаны жарып өткен. Қазір жарық, су, газ өшті. Екінші үйді су алып жатыр. Құбыр жарылған сияқты. Құтқарушы мамандар келді.  Бірақ арнайы техникалары жоқ. Олар тек суретке түсіріп жүр. Мамандар тау тағы құлайды деп отыр», - дейді Бесағаш ауылының тұрғыны Назерке Сейілханова.

Тұрғындар әкімдік тұрғын үй салуға рұқсат берген деп отыр. 

«Үй заңдастырылған. Бесағаш ауылындағы Баянауыл көшесі, 12 үй. Үйді 2021 жылы салғанбыз. Жергілікті әкімдік үйді салуға рұқсат берген. Үйімді қалпына келтіруге қатысты көмек сұраймын. Үйде отбасымыздағы 4 адам: екі балам, анам, өзім және тустарым да бірге тұрады.  Өзім үшінші топ мүгедегімін, анам – зейнеткер», - дейді тұрғын Назерке Сейілханова.

Алматы облыстық төтеше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады және толық мәліметті кейінірек хабарлайтынын жеткізді.