Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева елімізде балабақша кезегі мәселесі қашан толық шешілетінін айтты, деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде 250 мыңнан аса бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. 3 жылда 222 мыңнан жаңа орын ашылады. Нәтижесінде 2028 жылы 2-6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі барлық бала 100% орынмен қамтамасыз етіледі, - деді Наталья Жұмаділдаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.