Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері қанша

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері қанша
Коллаж: Ulysmedia.kz

2023 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 274,1 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы – 84,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 189,9 млрд теңге.

Ведомство мәліметінше, елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адам.

«2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады», - деп түсіндірді министрлік.