Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ішкі істер вице-министрі Петропавлдағы оқиғаның қалай болғанын айтты

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Үкімет отырысында Петропавл мектебіндегі оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ішкі істер вице-министрі Петропавлдағы оқиғаның қалай болғанын айтты
фото: tengrinews.kz

«13 ақпанда сағат 07.52-де Петропавл қаласының полиция басқармасына №4 орта мектептің оқушыларына дене жарақатын келтіру туралы хабарлама түсті.

Оқиға болған орынға жылдам жедел-тергеу тобы шығып, тексеру барысында сағат 07:40-та рюкзагында балта, пышақ және қолдан жасалған маска салынған 9 сынып оқушысы анықталды.

Ол сағат 07:50-де 2-ші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп шығып, 10-шы сынып оқушысының басынан екі рет ұрып, одан кейін 10-шы сыныпта оқитын қыздың иығынан 1 рет және басынан екі рет ұрған, сондай-ақ 9-шы сынып оқушысының басынан бір рет ұрған. Шабуыл жасаған баланы жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған.

Екі жәбірленуші қалалық емхананың стационарында жатыр, жағдайлары бірқалыпты, бір оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды», - деді вице-министр.