Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Оралдағы кәсіпкердің жантүршігерлік өлімі: куәгер күтпеген мәлімдеме жасады

Оралдағы мамандандырылған ауданаралық сотта кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіру туралы атышулы іс өтіп жатыр, куәгер қаза тапқан адам туралы күтпеген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оралдағы кәсіпкердің жантүршігерлік өлімі: куәгер күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: © uralskweek.kz

Надежда" интернет-басылымының мәліметінше, Мария есімді куәгердің сөзінше, ол мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген кезінде марқұм кәсіпкер төлқұжатын тартып алып, сексуалдық әрекеттер жасамақ болып, жалақысын төлемей қойған кездер болған. Ал кәсіпкердің інісі даяшы қызды ұрып, зорлаған. 

Куәгердің айтуынша, оқиға 2007 жылы "Астория" кафесінде болған. Ол марқұм Мұханғалиевтің иелігіндегі кафе болған. Ол кезде Мария 18 жаста еді, оқу ақысын төлеу үшін даяшы болып жұмыс істеп ақша жинаған. 

"Астория" кафесіне даяшы керек деген хабарламаны көрдім. Сөйлесіп, келесі күні төлқұжатымды әкелу керегін айтты. Екінші күні келгенімде құжатымды тартып алып: "Сіз бізге құжатыңызды сеніп тапсырасыз, біз сізге кафемізді сеніп тапсырамыз" деді. Еңбек кітапшасы толтырылмады", - дейді Мария.  

Ол және басқа да қызметкерлер даяшы болып бір айдай жұмыс істеп, жалақысын ала алмаған. Мария ол кезде студент еді, жолға да ақшасы болмағандықтан жалақысын сұраған. Оқиға 2007 жылдың 11 наурызында болған. Сол күні, Марияның айтуынша, мейрамхана иесінің інісі оны зорлап, ұрып тастаған.    

"Ол бұл әрекетінен кейін "Еркін маған рұқсат берді, ол сені зорлады, менің де сені зорлауға құқығым бар" деді. Сонымен қатар, олар менің құжатымды тартып алып, мені орманға апарып, көміп тастайтынын, мені ешкім таба алмайтынын айтты. Оқиға кафеде, куәгерлердің көзінше болды", - дейді Мария.  

Мария сотта марқұм кәсіпкер оны зорламағанын, тек тиіскенін айтқан. Бірақ куәгер Мұханғалиев тек Марияға емес, басқа да қыздарға тиіскенін айтады. 

"Еркіннің (марқұм кәсіпкер) екінші қабатта пәтері болған. Ол жерге қыздарды алып келетін, мені де сол жерге шақырған", - дейді куәгер.

Еске салайық, былтыр тамызда Оралда жантүршігерлік адам өлімі болған еді. Оқиға "Рахат-Лукум" және "Гюльчатай" мейрамханасының иесіне қатысты. Күдіктілер Руслан Қожатаев пен Тұрлан Амангелді кәсіпкерді бірнеше жерінен пышақтап кеткен.