Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды Paryz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді
фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

«Отырыста жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді», - делінген Үкімет ъ-хабарламасында.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.