Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Беларусь елінен экстрадицияланды

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Беларусьтен экстрадицияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Беларусь елінен экстрадицияланды
Фото: ашық дереккөз

ҚР Бас прокуратурасы мәлім еткендей, бүгін, яғни 9 ақпанда ведомство қызметкерлері Интерполдың көмегімен «А» азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады.

​«Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды. ​Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды.

Айта кетсек, Қазақстан заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.