Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Түркияда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Сейсмологтар Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 4,8 болатын жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Түркияда тағы бір жер сілкінісі тіркелді
© AP Photo / IHA

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, Түркияның орталығында магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі тіркелді.

«Жер сілкінісі Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің ошағы – 376 мың халқы бар Кахраманмараш қаласынан солтүстік-батысқа қарай 85 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша тіркелді. Ошақ 40 шақырым тереңдікте жатқан», - делінген хабарламада.

6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Ел  президенті Режеп Тайып Ердоған бұл 1939 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды деді. Дүйсенбі күні түстен кейін магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 7 108-ге, жараланғандар 40 910-ға жетті.