Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Журналист Махамбет Абжанға сот үкімі шықты

Астанада журналист Махамбет Абжанға сот үкімі шықты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Unı сайтына сілтеме жасап. 

Журналист Махамбет Абжанға сот үкімі шықты
Фото: Halyq Uni

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Абжанды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

2022 жылдың шілдесінде Махамбет Абжанның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері ұстады.

Махамбет Абжанға қылмыстық кодекстің 274-бабы 2,3 бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы (қорқытып алу) бойынша айып тағылды.