Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«GGG-ден аулақ бол»: Головкиннің экс-бапкері Мунгияға ескерту жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес жеңіліп көрмеген мексикалық Хайме Мунгияға (41-0, 33 КО) кеңес берді. Ол рингте GGG-мен кездесуден аулақ болу керегін айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

«GGG-ден аулақ бол»: Головкиннің экс-бапкері Мунгияға ескерту жасады
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін Мунгия Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін бірнеше рет айтқан болатын.

"GGG-ден аулақ бол. Дәл қазір GGG-ге қиындық тудыратын жалғыз адам - ​​Канело. Оған мұндай соққының қажеті жоқ. Головкин оны ол бірнәрсе ұрлап қойғандай ұрып-соғады. Головкинді жеңу қиын болады", - деді Санчес Boxingscene.com журналына. 

Айта кетейік, Мунгия мен Головкин 2018 жылы жекпе-жекке шығуы мүмкін еді, бірақ кейін Невада атлетикалық комиссиясы мексикалықты мұндай деңгейдегі жекпе-жектерге тәжірибесі аз боксшы деп санаған.

Мунгия кейінгі жекпе-жегін қарашада өткізіп, үшінші раундта аргентиналық Гонсало Корияны (21-6, 8 КО) нокаутқа түсірді.

Головкин өз кезегінде рингке қыркүйекте шығып, трилогияда мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (58-2-2, 39 КО) төрешінің шешімімен жеңіліп қалды.