Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматылық алаяқ тұрғындардан 400 миллион теңгені алдап алған

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Алматылық алаяқ тұрғындардан 400 миллион теңгені алдап алған
фото: дереккөз

Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы 1977 жылы туған, Шығыс Қазақстан обласының тумасы Ш. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін, Алматы қаласының аумағында жүріп, «Хан Тенгри» тұрғын үй кешенінен «жалға берілетін тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу, сондай-ақ, жер учаскелері мен қамауға алынған көлік құралдарын электрондық саудадан алып беремін деп сылтауратып, бірқатар жәбірленушілерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы олардың қаражаттарын ірі көлемде иемденіп, 400 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірді.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Азамат Ш. күдікті деп танылды. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131-баптарына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Сонымен қатар, біз азамат Ш.-ның заңсыз әрекеттері салдарынан зардап шеккендерді мына мекен-жайға жүгінуге шақырамыз:

Алматы қ., Масанчи к-сі, 55 үй, Алматы қаласы ПД ТБ ОРППОП ішкі істер органдарының аға тергеушісі, полиция майоры И.Г.Литвиненко. Жұмыс телефоны: 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.