Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қарағандыда тергеу изоляторына келген әйел шаш қыстырғышқа телефон жасырып кірмек болды

37 жастағы әйелге қатысты әкімшілік материал жасалып, сотқа берілді. 

Қарағандыда тергеу изоляторына келген әйел шаш қыстырғышқа телефон жасырып кірмек болды
Фото: azattyg. ruhy

Қарағандыдағы тергеу изоляторына қамауға алынған азаматқа келген келіншек ғимаратқа тыйым салынған затты алып кірмек болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy patriot_patriot телеграм каналына сілтеме жасап.

Автордың жазуынша, оқиға Қарағанды қаласындағы тергеу изоляторында болған. Бейнебақылау камерасына түсірілген кадрлардан әйелдің жеке тексеруден өтіп, киімінен тыйым салынған зат табылмағандықтан ары қарай жылдам өтіп бара жатқан сәтін байқауға болады. Алайда бақылаушы кенеттен оның басындағы шаш қыстырғышына мән беріп, әйелді кері шақырады.

Тексеріс нәтижесінде әйелдің аксессуарының ішінен «Nokia» маркалы телефоны табылды. Құрылғы шаш қыстырғыштың сәнделген жасанды гүлінің арасына жасырылған болып шықты. Тергеу изоляторларының қызметкерлері телефонды тәркілеп, әйелге қатысты хаттама толтырды.

«Тергеу-қамауға алынған адаммен кездесу туралы өтініш білдірген 37 жастағы қоғамдық қорғаушыны тексеру кезінде №61 мекеменің тексеру тобы облыс тұрғынының алаңдатарлық жағдайына назар аударды. Нәтижесінде шашқа арналған аксессуардың ішінен «Nokia» маркалы мобильді құрылғы табылды. Осы факт бойынша облыстың 37 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік материал жасалып, сотқа берілді, сондай-ақ әйелге қатысты қоғамдық қорғаушы мәртебесінен айыру туралы мәселе шешілетін болады», - делінген ҚАЖД Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша баспасөз қызметінің хабарламасында.