Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жетісу облысында полицейлер шетел азаматын ұрып-соғып, құлдыққа сатып жіберген

Өзбекстан азаматы Вадим Хамраев Жетісу облысының полицейлері өзін ұрып-соғып, құлдыққа сатқанын айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Жетісу облысында полицейлер шетел азаматын ұрып-соғып, құлдыққа сатып жіберген
фото: әлеуметтік желіден

Instagram-даңы парақшада жарияланған видеода шетелдік Қаратал ауданының учаскелік полицейлері оны соққыға жығып, ақша алғанын, кейін фермаға 6 қой мен 200 мың теңгеге құлдыққа сатып жібергенін баяндайды. 

«Әйелім мен қайын атама елден шығарып жіберді депті. Мен шаруа қожалығында болдым. Кеше қашып кеттім. 2 балам бар. Шаршадым, бар шаруаны істеймін, пеш жағамын, бақшаны қазамын. Мені іздеп жатыр, өлтіреміз деп қорқытады.Құрметті президент, осы жағдайдан шығуға көмектесіңізші, сізден көмек сұраймын», - дейді ер адам.

Дәлел ретінде ер адам ұрып-соққаннан денесінде қалған тыртықты көрсетті. 

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі видеоның астында пікір білдірді.

«ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз.Сотқа дейінгі тергеу Өзіндік қауіпсіздік басқармасының өндірісінде.Видеоүндеу авторы 38 жастағы шетелдік табылды және одан жауап алынды. Бұл факті бойынша тергеу жұмыстары облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды», - делінген ведомство хабарламасында.