Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қызылорда облысында 43 мектеп басшысы жазаға тартылды

Қызылорда облысына қарасты Арал ауданында білім саласының 43 өкілі тәртіптік жазаға тартылды деп хабарлады Paryz.kz. 

Қызылорда облысында 43 мектеп басшысы жазаға тартылды
Фото: ашық дереккөз

Мектеп басшылары асханадағы ас мәзірін kundelik.kz, mektepmenu.kz сайттарына орналастыру үшін ай сайын 6000 теңге бөлуді сұрап кәсіпкерлерге хат жолдаған.

Мәселен, «Қамқор-тұтыну» ЖШС директоры Зиагаладин Өтенов Арал ауданындағы мектеп басшыларымен асханада балаларға ыстық тамақ беру қызметін көрсетуге келісімшарт жасаған. Былтыр жаңа оқу жылы басталған бойда мектеп басшысы ас мәзірін kundelik.kz сайтына орналастыру үшін ай сайын 6 000 теңге төлеуді сұрап, кәсіпкерге хат жолдайды. Мұндай талапты Арал ауданындағы өзге де мектеп басшылары қойған.
Кәсіпкер 6 мектепке 1 айдың қызмет ақысы – 42 мың теңгені төлеп тастаған. Ондай ақшаны төлей берсе, шығынға бататынын түсініп, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына шағым түсіреді. Бұл мәселе алдымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралған. Одан кейін аудандық прокуратураға хат жолданды.
Қадағалаушы орган білім беру ұйымдарының заңды бұзғанын анықтады. Олар оқушылардың күнделікті мәзірін жариялауға арналған MektepMenu платформасын пайдалану үшін кәсіпкерлік субъектілерінен негізсіз төлем жасауға міндеттеген.
Заң бұзушылықтар бойынша білім бөліміне ұсыныс енгізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлердің негізсіз төленген 500 мың теңгеге жуық ақшасы қайтарылып, 8 кәсіпкердің бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Заң бұзушылыққа жол берген білім саласының 43 өкілі тәртіптік жазаға тартылды, – делінген прокуратураның жауабында.