Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Мені танымайды»: Астанада ауруханаға түскен сарбаздың анасы зар жылап жүр

Астанадағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз ауруханаға түсті. Анасының айтуынша, әскерге сап-сау жіберген ұлы қазір туыстарын да танымайды екен.

«Мені танымайды»: Астанада ауруханаға түскен сарбаздың анасы зар жылап жүр
Фото: ашық дереккөз

КТК телеарнасының мәліметінше, Дина Жүсіпова ұлының өзіне сенбейтінін айтады. Сондықтан не болғанын ашып түсіндірмейді екен.

Ол мені танымайды. Маған сенбейді, ашылып айтпайды. Мен ұлымды, сарбазды борышын өтеуге жібердім, ауруханада жату үшін емес. Мүгедек болып қалды деуге болады. Ештеңені түсінбейді, – деді анасы.

Сарбаз ауруханаға жексенбі күні түскен. Сол күні-ақ ата-анасына оның жағдайы туралы ескертіліпті. Дина Жүсіпова Астанаға дүйсенбі күні келгенімен, ұлын тек кешке ғана көрген. Айтуынша, дәрігерлер оған не болғанын білмейді.

Ал әскери бөлімдегілер сарбаздың кешкі астан кейін баспалдақпен көтеріліп келе жатып есінен танғанын айтады. Ұрып-соғу дерегін жоққа шығарып отыр. Бөлім командирінің орынбасары сарбазға «талма синдромы» қойылғанын мәлімдеді.

Денесі тексерілді, ешқандай жарақат анықталған жоқ. Болған жағдай туралы сарбаздың ата-анасына және құзырлы органдарға ескертілді. Қазір бөлім ішінде қызметтік тексеріс, тергеу жүріп жатыр, – деді Ұлттық ұлан №5575 әскери бөлімі командирінің орынбасары Айдарбек Жүсіпбеков.