Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ерке Есмахан мәхрге не сұрағанын айтты

Әнші Ерке Есмахан мен  Раимның үйленгенін  көптеген адамдар сынға алып жатты. Ал, желіде оқырманы көп танымал азаматтар ол екі жастың махаббатын араласпауды сұрап, көпшілікке мұның әбестігі жоғын түсіндіруге тырысты. Осы оқиға талқыға түскен сәтте желіден көрінбей кеткен Ерке өз оқырмандарымен сұрақ-жауап «ойынын ойнады», деп жазды paryz.kz ақпарат агенттігі KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ерке Есмахан мәхрге не сұрағанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Тағы бір оқырман «Бұлыңыз күйеуіңізді қалай қабылдады?» деп сұраған.

«Олар бірнеше жылдан бері таныс. Бұрын жақсы дос еді. Қазір араларында ерекше махаббат оянды. Мысалы оны мектепке мен апарып әкелмеймін ғой. Ол қамқорлығын төгуде Муслим бақытты» -деген Ерке Есмахан.

Қыздар қауіміне қызыты сұрақтардың бірі «Махрге не сұрадыңыз?» деген қызығушылық көп болған сияқты.

«Жан жарымның бір үйір жылқысы бар. Менде ең құрығанда біреуі болсыншы деп әппақ тұлпар сұрадым»,-дейді Ерке Есмахан.

Жас келін атанған әнші бүгінде атасынан да жағымды сыйлық алып үлгерген. Қайын атасы кешкісін келіннің көңілі көтерілсін деген ниетте әдемі гүл шоғын сыйға тартыпты.