Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Министр жеңілдетілген автонесие қашан берілетінін айтты

Қаңтар айының соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысының кулуарында мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.

Министр жеңілдетілген автонесие қашан берілетінін айтты
Фото: ашық дереккөз

«Былтырғы наурызда автонесие сомасы 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленді. Ал автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа қолжетімді болу үшін бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған. Автонесие бағдарламасын айдың соңында бастаймыз. Осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізеді, сонда толық ақпарат беріледі. Бұл жерде бағдарламаның механизмін қайта қарау мәселесі тұр. Бұған дейін клиенттер алдымен автосалонға жүгініп, содан соң банкке баратын. Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетікті ұсынып отыр», - деді Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, қайта іске қосылатын бағдарламадағы жаңашылдықтың бірі электронды кезек болады.