Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Келіндері қуып жіберген...»: 74 жастағы қария теміржолда түнеп жүр

74 жастағы қарияны үйден қуып шыққан. Ол 2 күннен бері теміржол төңірегіндегі шағын ғимаратта түнеп жүр, деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

«Келіндері қуып жіберген...»: 74 жастағы қария теміржолда түнеп жүр
фото: әлеуметтік желіден

Қарт кісінің хәл-жайы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада оны келіндері үйден қуып шыққаны айтылады. Тіпті теміржол қызметкерлері өздерінің шағын ғимаратында 2 күннен бері түнетіп жүр екен.

Келіндері қуып жіберген. Асқазаны ауырады. Тамақ ішпейді. Кім көмектесе алады? Қарттар үйіне баруға келісіп отыр. Сол жаққа орналастыруға қол ұшын созсаңыздар. Бала-шағасы бар, бірақ тастап кеткен, - дейді бейнежазба авторы.

Кейін қария өзін толық таныстырады. Айтуынша, 1949 жылы туылған. Аты-жөні – Жусанбай Оңғарбаев. Шу қаласының тұрғыны екен.

Туысқандары, танып жатсаңыздар, көмектесіңіздер! Баласы Алматыда дейді, есімі – Оңғарбаев Айдын. Ештеңе жеген жоқ. Ұйықтайды, отырады, - деп аяқтады ол сөзін.

Бейнежазбаға жазылған пікір көп. Басым бөлігі әке-шешенің қадірін білмеген ұрпақты сынға алып жатыр. Тіпті арасында өз үйіне алуға ұсыныс қалдырғандар да бар.