Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстандық боксшы жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшы жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ашық дереккөз

Жастар арасында әлем чемпионы С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Чамбай Джексонмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек Санжардың айқын басымдылығымен өтіп, ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті.

Бүгін Қазақстаннан басқа да боксшылар рингке шығады.