Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Путиннің саясатын қолдаған депутат өкілеттігінен айырылды

Орталық сайлау комиссиясы Владимир Путинді және Украинадағы соғысты көпшілік алдында қолдаған Азамат Әбілдаевты Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарата агенттігі.

Путиннің саясатын қолдаған депутат өкілеттігінен айырылды
Фото: ашық дереккөз

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаты "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Ресей президенті Путинді қолдайтынын айтқан. Ол сонымен бірге Ресейдің Украинаға басқыншылығын "арнайы операция" деп атаған болатын.

Ал "Ақ жол" демократиялық партиясының пленумы Украинадағы соғысты ашық қолдаған Азамат Әбілдаевты партиядан шығарған болатын.