Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Министрлік Италиядағы қазақ қызының өліміне қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Италиядағы қазақстандық студент қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды paryz.kz.

Министрлік Италиядағы қазақ қызының өліміне қатысты пікір білдірді
фото: salerno.occhionotizie

Ведомство өкілдері, 27 жастағы студенттың жол апатынан қаза тапқанын растады. Бүгінде министрлік студенттің денесін Қазақстанға жеткізу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Еске салайық, бүгін Италияда қазақстандық студент қыз жол апатынан қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оқиға 17 қаңтарда болған. Салерно университетінің 27 жастағы докторанты көшеден өтіп бара жатқан. Сол кезде 20 жастағы жүргізуші тізгіндеп бара жатқан Peugeot 308 жүргізушісі оны жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Жол апаты Станислао Листа көшесінде, Джузеппе Верди опера театрының маңында болған.