Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Биылдан бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі

2023 жылдан бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Биылдан бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі
Фото: ашық дереккөз

Uchet.kz порталының мәліметінше, мұндай өзгерістер биылғы 6 қаңтарда ҚР Мәжілісінде енгізілген, еңбек кодексіне толықтырулар енгізу жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасында қарастырылған.

Еңбек кодексіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы (ұзақтығы тараптардың келісімімен белгіленеді) қарастырылған.

Сонымен қатар жекелеген өндірістерде әр түрлі аптада бір мезгілде бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындап жатады:

  • «Жұмыс уақыты» деген 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Еңбек шартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытын ауыстыру құқығымен бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесе төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі»;
  • осыған байланысты «Үстеме жұмыстардың ең көп саны» деген 78-баптың 2-тармағы бойынша 4 және 5 күндік жұмыс аптасына бөлінеді: «2. Үстеме жұмыстың жалпы ұзақтығы – төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында – айына он екі сағаттан, жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленген кезде – жылына 120 сағаттан аспауға тиіс».

Тиісінше, 84-бапта төрт күндік жұмыс кестесімен демалыс күндері белгіленген.

Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып саналады. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасында екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартпен немесе еңбек тәртібімен белгіленеді.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бес күндік жұмыс кестесімен бір апта, төрт күндік жұмыс кестесімен екінші апталық жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде кеңсе қызметкерлеріне қолданыла бастады және халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес келеді.