Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымға ауыстырылды

1 маусымда еліміздің оқушылары соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты деп хабарлады Paryz.kz.

Соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымға ауыстырылды
Фото: ашық дереккөз

«Барлық қазақстандық мектептеде оқу жылының ұзақтылығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша, оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек болып табылады. Ал енді биылдан бастап соңғы күні 31 мамыр күні болады», – деді Гүлмира Кәрімова.

31 мамыр, бұл – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі.

«1 маусым – жазғы каникулдың алғашқы күні. Сонымен бірге бұл Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі», – деді ол.