Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбе әкімінің орынбасары мемлекеттен 100 млн теңге талап етті

Ақтөбе қаласы әкімінің ақталып шыққан орынбасары Жангелді Әубәкіровке мемлекет 5 миллион теңге төлейтін болды. Жасамаған қылмысы үшін сотталған шенеунікке келтірілген моральдық шығынды сот дәл осы сомаға бағалады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Ақтөбе әкімінің орынбасары мемлекеттен 100 млн теңге талап етті
фото: gov.kz

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров Қаржы министрлігін сотқа беріп, заңсыз сотталғаннан келген моральдық шығынды өтеу ретінде 100 миллион теңге талап етті.

Ол тергеу барысында қамауда және үйқамақта болғанын, заңсыз 7 жылға бас бостандығынан айырылған соң уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары ол туралы жарыса жазғаннан кейін, оның үстінен қозғалған іс туралы туыстары, достары және бүкіл ел білген және бұл оның жағдайына теріс әсер етіп, ұят пен қорлануды бастан кешірген - делінген хабарламада.

Сотта прокурор талап арызды ішінара қанағаттандырып, Жангелді Әубәкіровтің пайдасына Қаржы министрлігінен 2 миллион теңге өндіріп алуға болады деп есептеді.

Сот шешімі нәтижесінде мемлекетті моральдық шығын келтіргені үшін 5 миллион теңге және өкілдік шығындары үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Еске салайық, 2020 жылы Жангелді Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Одан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов пен Ақтөбе серіктестігінің үш қызметкері жауапкер ретінде танылды.

Тергеушілердің айтуынша, қаланы Жаңа жылға безендіруге бюджеттен 90 миллион теңге бөлінгенімен, ақша ұрланған.

Бірінші сатыдағы сот шенеуніктерді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Кейіннен бап қайта жіктеліп, жаза бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Қылмыстық іс Жоғарғы Сотқа дейін жетіп, облыстық апелляциялық сотқа қайтарылды. Соның нәтижесінде қылмыстық істер жөніндегі алқа бес сотталғандардың бәрін ақтап шықты.