Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шетелден әкелінген қандай көлікті заңдастырудың қажеті жоқ

Заңдастыруға жатпайтын шетелден әкелінген көлік түрлері аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелден әкелінген қандай көлікті заңдастырудың қажеті жоқ
Фото: ашық дереккөз

«Шетелдік көліктерді заңдастырудың Үкімет бекіткен ережесі мен талабының бизнеске арналған автокөліктерге қатысы жоқ. Оның қатарында жүк таситын ауыр көліктер мен автобустар бар», - деді Астана қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәліметінше, заңдастыру процесі сырт елден әкелінген элиталық автомобильдерге де қатысы бар.

«Ауыр жүк көліктері мен автобустар неліктен заңдастыруға жатпайтынын жиі сұрап жатады. Оның себебі – аталған көлік түрлері коммерциялық, яғни бизнеске арналған транспорт. Дегенмен аталған автокөлік түрлері жеке мақсатта қолданылатын болса онда заңдастыруға жатады», - деп түсіндірді полиция департаментінің өкілі.