Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтауда үстіне диван құлаған ер адам ауруханада жатыр

Ақтауда ер адам жоғары қабаттан құлаған диванның астында қалды деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі.

Ақтауда үстіне диван құлаған ер адам ауруханада жатыр
Фото: видеодан скриншот

Жедел жәрдем қызметі 39 жастағы азаматты ес-түссіз күйде облыстық ауруханаға жеткізді.

«Науқастың жағдайы өте ауыр. Зардап шеккен адамның мойын омыртқасы сынып, жұлыннан ауыр жарақат алған. Толық сал ауруы болуы мүмкін. Дәрігерлер жақын арада оның денсаулығына қатысты жағдайға толық баға береді», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі.

Mangystaumedia.kz мәліметінше, оқиға 12 қаңтарда сағат 13:00-де 11-41 мекенжайында болған. Алтыншы қабаттан белгісіз адам диванның бір бөлігін төмен лақтырған. Жоғарыдан құлаған жиһаз үйдің қасынан өтіп бара жатқан адамға құлаған.