Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Желтоқсаншыларды террориске теңеген шенеунікке қатысты сот отырысы басталды

Сот отырысы Ақмола облысы Сандықтау ауданында өтіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Желтоқсаншыларды террориске теңеген шенеунікке қатысты сот отырысы басталды
фото: Ulysmedia.kz

Еске салайық, «Аманат» партиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы филиалының төрайымы Лариса Ловягина «1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы көтеріліс кезінде көшеге шыққандардың барлығы террорист болған» деп мәлімдеген еді. Шенеуніктің бұл сөзін әлеуметтік желіге алғаш Жеңіс Оспанов атты азамат таратты.

Арада бір күннен кейін Ловягинаның кінәсін мойындап, кешірім сұраған видеосы тарады.

«Кешірім сұраймын. Эмоция қосып сөйлегеніме өкінемін. Мен Қазақстанда туып-өстім. Осы жерде менің балаларым өсіп жетілді. Қазақстанды, Отанымды сүйемін. Осы елде өмір сүремін», - деп ақталды Ловягина.

Кейін Ловягинаның қызметінен босатылғаны туралы мәлімет тарады.

Көп ұзамай Шығыс Қазақстан облысындағы «JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігі» «Аманат»  партиясының бұрынғы атқарушы хатшысы Л. Ловягинаны сотқа берді.