Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев әулеті қарапайым отбасыға теңестірілді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Заң қабылданғаннан кейін Назарбаевтың әулеті қарапайым азаматтармен теңестіріле ме? – деп журналистер депутат Айдос Сарымнан сұрады.
Мәжіліс депутаты журналистердің сұрағына былай деп жауап берді.
Теңестірілді. Бірінші Президент – Елбасы заңда көрсетілгендей барлық экс-президентке тән нормаларға ие болады, - деп айтты депутат Парламент Палаталарының кеңестілген отырысынан кейін.
Яғни бұл дегеніміз барлық экс-президентке тән заң шеңберінде қорғалады.
Бұл нормалармен сіз бен біз сияқты барлық қазақстандық өмір сүріп жатыр. Өйткені ол барлық адамға бірдей қатысты, - деп түсіндірді ол.
Бүгін Мәжілісте Парламент Палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы қабылданды.