Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Астанада 6 мектептің мұғалімдері ұсталды

Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген, деп хабарлайды Paryz.kz

Астанада 6 мектептің мұғалімдері ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.

«Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған», - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды», - делінген ведомство хабарламасында.