Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бүгіннен бастап Қазақстанда шетелдік көліктер сақтандырылмайды

12 қаңтардан, яғни бүгіннен бастап қазақстандықтарға басқа мемлекетте тіркелген автомобильге сақтандыру полисін ала алмайды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап Қазақстанда шетелдік көліктер сақтандырылмайды
фото: ашық дереккөзден

Тиісінше, енді көлікті Қазақстанның өзге азаматына сақтандыру арқылы сатуға да мүмкіндік жоқ.

Көп жылға созылған мәселені шешуді былтыр Мемлекет басшысы тапсырған еді.  ІІМ бірінші кезекте елге шекара асып келетін көліктерге тосқауыл қойды. Осылайша сақтандыру жаздырып, емін-еркін ел кезіп жүрген көпшіліктің әрекетін тыймақ. Сақтандыру болмаса жол көлік қозғалысына қатыса алмайтыны белгілі.

Министрлік жаңа тыйымның мән-жайын бірер күнде толық түсіндірмек.