Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жаңа министр Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады

Қазақстанның 10 қаласында ауаның ластануы өте жоғары деңгейде. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа министр Қазақстанның ауасы ең лас 10 қаласын атады
фото: mavink.com

«Атмосфералық ауаның индустрия тарапынан ластануы экологиялық реттеу аясында ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін реттеу негізінде жүзеге асырылады. Осы бағытта былтыр нақты шығарындылардың көлемі 2021 жылға қарағанда 4,1 пайызға, ал төгінділер көлемі 11,7 пайызға қысқарды. Сонымен қатар жүйелі түрде ауаны ластағаны, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін Атырау мұнай өңдеу зауытының экологиялық рұқсатын тоқтата тұру бойынша іс сотқа жолданған болатын. Қабылданған шараларға қарамастан еліміздің 10 қаласында ауаның жоғары ластануы сақталуда. Осы қалаларға Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер кіреді», - деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұған дейінгі басшысы Серікқали Брекешов еліміздегі ауасы лас қалалардың мәселесі қалай шешілетінін айтқан. Жаңа министр өзіне дейінгі басшының бастаған ісін жалғауға ниетті.

«Айта кететін жайт, қабылданған жол карталары қоғамды кеңінен тарту негізінде қалыптастырылған және 485 іс-шараны қамтиды. Жаңа облыстарда жол карталары әзірлену үстінде. Былтыр бірқатар жол картасын өзектендіру жұмысы жүргізілді», - деді Зүлфия Сүлейменова.