Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 12-14 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөз

Суық арктикалық антициклон өз траекториясын республиканың шығыс, оңтүстік өңірлеріне бағыттайды, сол себептен жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

«Ауа температурасы еліміздің батысында түнде 15-30 аяздан 7-20 аязға дейін, солтүстік-батыста 20-28 аяздан 13-22 аязға дейін, республиканың солтүстігінде 20-35 аяздан 13-26 аязға дейін, орталықта 30-41 аяздан 17-25 аязға дейін, еліміздің шығысында 32-43 аяздан 20-30 аязға дейін төмендейді.

Оңтүстікте температураның негізгі фоны 22-31 аяз, оңтүстік-шығысында 20-33 аяздан 23-36 аязға дейін төмендейді», - делінген синоптиктер болжамында.