Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Украинада тігілген киіз үй: Ресей Қазақстаннан түсініктеме беруді сұрады

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Қазақстанды Украинаның Буча қаласында тігілген қазақтың киіз үйіне қатысты ресми түсініктеме беруге шақырды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Украинада тігілген киіз үй: Ресей Қазақстаннан түсініктеме беруді сұрады
фото: Ulysmedia.kz.

 Ulysmedia.kz хабарлауынша Захарова бұл акцияға қатысы жоқтығын айтқан Қазақстан басшылығына сөзіне сенетінін жеткізді.

«Қазақстанның ресми тұлғаларының назарын ғаламторда пайда болған ақпаратқа аударттық. Бізді кейбір БАҚ өкілдері жазып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынына және Қазақстанның билігі бұл акцияға қатыспағанына сендірді. Ресей тарапының жақын серіктесіне сенбейтіндей негізі жоқ. Бұған қатысты жақын күндері ресми түсініктеме күтеміз», - деген Захарова.