Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда тіркелмеген көліктер енді сақтандыру полисін ала алмайды

Елімізде енді тұрғындар шетелдік нөмірлі автомобильдерге сақтандыру полисін ала алмайды. Ал бұған дейін рәсімделген полистер тек биылғы жылдың 12 қаңтарына дейін жарамды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қазақстанда тіркелмеген көліктер енді сақтандыру полисін ала алмайды
фото: web.archive.org

Сонымен қатар шетелде тіркелген автокөліктерді сақтандыру полисімен жүргізуге тыйым салынады. Сондықтан азаматтарға шетелден әкелген көліктерін тіркетіп, тек қазақстандық нөмірмен ғана жүруге рұқсат етіледі. Ал транзиттік нөмір алған азаматтар сол көлікпен тек 10 күн ғана ел аумағында жүре алады.

Айта кетйік, тұрғындардың өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелген көліктерін 200 мың теңгеге тіркеу туралы құжат жобасы 18 қаңтарға дейін қоғам талқысында болады.